Алматы облысы Талғар ауданындағы Талғар өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат

Алматы облысы Талғар ауданындағы Талғар өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат
2023 жылғы 4 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Алматы облысы Талғар ауданындағы Талғар өзенінде балық қырылуы тіркелген бейнеролик анықталды.
Кәсіптік емес балық түрлері - көкбас және мен талма балығы шабақтарының қырылуы анықталды. Жиналған балық шабақтарының жалпы салмағы - 4 кг.
Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп жүргізілген зерттеу барысында белгісіз себептерден Талғар өзенінің арнасы жабылғаны анықталды, бұл өзеннің таяздануына және кеуіп қалған арнасында суы бар табиғи ойпаттарда ұсақ балықтардың суға жиналып қалуына алып келді.
Су ағынының болмауы салдарынан судағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне байланысты ойпаттарда қалған шабақтардың қырылуы орын алды.
Балық ресурстарына келтірілген залал 5520 теңге.
Инспекция құқық қорғау органдарына балық ресурстарына залал келтірген адамдарды анықтау үшін хабарлама жолдады.
Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.