
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 20 шілдесінде сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша) Бұқтырма суқоймасының резервтік учаскесін бекіту бойынша конкурс өтетінін хабарлайды.

Конкурс ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/425 бұйрығымен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі - қағидалар) сәйкес өткізілетін болады.

Кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін Бұқтырма суқоймасының келесі учаскелері қойылады :
1) № 14.1;
2) № 16.1;
3) № 19.1.

Конкурсқа қатысушының кепілдік жарнасы - 15 525 теңге.

Учаскелердің бастапқы бағасы - 103 500 теңге.

Конкурсқа шығарылатын учаскелер 20 жыл мерзімге тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу мақсатында бекітілетін болады.

Конкурсқа қатысу үшін алдымен веб-порталда келесі ақпараттарды көрсете отырып тіркелу қажет (
www.gosreestr.kz):
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail).
Өтінім Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сондай-ақ қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде кепілдік жарна енгізеді.
• салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
• конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
• тауарлық балық өсіруді жоспарлау кезінде даму жоспарларында бекітілген көлемдерден жоғары, балық шаруашылығы су айдыны және (учаскесі) үшін конкурсқа қатысушы ұсынған түпкілікті бағаға әрбір 10 тонна үшін ұсынылған бағаны 1%-ға ұлғайту көзделеді.

Қатысушыларды қабылдау және тіркеу 2023 жылғы 4 шілде мен 20 шілде аралығында сағат 10.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары:
8 (7172) 74-02-98, 8 (702) 626 32 56,
8 (7172) 74-10-49, 8 (747) 682 38 58,
8 (7232) 24-34-77, 8 (771) 179 70 62