
1985 жылдан бастап жыл сайын 27 маусымда Дүниежүзілік балық аулау күні атап өтіледі, ол 1984 жылы шілдеде Римде өткен балық шаруашылығын реттеу және дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның шешімімен белгіленеді.

Балық шаруашылығының терең тарихы бар және ертеден келе жатқан кәсіптің бірі. Ата кәсіппен айналысқан қазақ халқы үшін, балық аса қажетті тағам түрі болып табылады.
Балық аулау тек экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар әуесқой (спорттық) балық аулау саласы ретінде жыл сайын дамып келеді. Жалпы балық шаруашылығына қызығушылар саны жыл сайын артуда.

Қазақстанда 1700-ден астам су айдыны 1245 субъектіге бекітілген және онда 12 мыңнан астам адам балық аулаумен айналысады. Елімізде жыл сайын шамамен 51 мың тонна балық ауланады және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде.
Баға жетпес ұлттық балық ресурстарын сақтау және олардың әрбір азамат үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды.

Баршаңызды Дүниежүзілік балық аулау күнімен құттықтаймыз.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес, Қазақстанда «Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» жыл сайын шілденің екінші жексенбісінде атап өтілетінін атап өткен жөн.