
2023 жылғы 8 ақпанда Балық аулау қағидаларына әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде балық аулау құралдарының санын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, Балық аулау қағидаларынан әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде бір қармақсаптағы ілгектер саны бойынша шектеулер алынып тасталды.
Сонымен қатар, әуесқой балықшыларда шаян аулағыштар санын шектеуге қатысты мәтін бойынша әртүрлі оқулар пайда болды.
Осыған байланысты, әртүрлі түсіндірулерге жол бермеу мақсатында 2023 жылғы 3 мамырда Балық аулау қағидаларында 19-тармағының редакциясын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бүгінгі таңда Балық аулау қағидаларының 19-тармағы мынадай редакцияда жазылды: «Әуесқойлық (спорттық) балық аулау әртүрлі жабдықтармен (жылтырауық, мормышка, воблер, мушка және басқа да еліктіргіштер) қамтылған қармақсаптардың барлық түрлерімен, сондай-ақ, лақтырма қармақтармен және жерлицалармен жүргізіледі. Балық аулау кезінде сүзекі тек көмекші құрылғы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Шаян аулағыштардың саны бір балық аулаушыға үш данадан аспауы тиіс.
Су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар рекреациялық балық аулауға арналған және халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде жануарлар дүниесін пайдаланушы белгілеген орындарда пайдалануға рұқсат етіледі.».
Осылайша, балықшылар әуесқойлық (спорттық) балық аулауды әр түрлі жабдықтармен (жылтырауық, мормышка, воблер, мушка және басқа да еліктіргіштер) қамтылған қармақсаптардың барлық түрлерімен, сондай-ақ, лақтырма қармақтармен және жерлицалармен жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте, балық аулау құралдарының саны бойынша шектеулер тек шаян аулағыштарға ғана қолданылады - бір балықшыға 3 данадан аспайды, ал сүзекі балық аулау кезінде көмекші құрал ретінде ғана пайдалануға болады.
Бұдан басқа, Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына квоталарды өсімін молайту және игеру жөніндегі іс-шараларды орындау кезінде аумақтық бөлімшелерден растайтын құжаттарды ұсыну бөлігінде толықтырулар енгізілді.
Ережелердің толық мәтінімен мына сілтемелер бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/rus/docs/V1500010606, http://10.61.42.188/rus/docs/V1500010865.
Осы Қағидалардың нормалары 2023 жылғы 26 мамырда күшіне енеді.