Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысы туралы ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысы туралы ақпарат
🔖2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Қазақстан Республикасының Президенті каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін Солтүстік Каспийде мемлекеттік табиғи резерват құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.
📌Бүгінгі таңда уәкілетті орган ведомствосының бұйрығымен мемлекеттік табиғи резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесі бекітілді.
🔉Жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде қазіргі уақытта мемлекеттік табиғи резерват құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған 2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу бойынша өнім берушіні айқындау бойынша конкурс жарияланды.
🦭Каспий теңізінің акваториясы шегінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тиісті штат саны бар дербес заңды тұлға ретінде каспий итбалығының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құру күтілуде.