«Бекіре-2023» балық қорғау акциясы

«Бекіре-2023» балық қорғау акциясы
2023 жылғы 20 мамырда сағат 18:50-де «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері Жамбыл ауылы маңында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Жайық өзені қамыс аймағында жалпы салмағы 101,6 кг. 4 қап бекіре тұқымдас балықтары табылды.
Аталған жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 105 156 000 теңге.
Балық қорғау акциясы жалғасуда.