Природоохранная акция «Чистые водоемы»

Природоохранная акция «Чистые водоемы»
Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастыруымен Есіл өзенінде «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілді.
 
Акция мақсаты – су айдындарын тасталған балық аулау құралдарынан тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
 
Есіл өзенін тазарту жұмыстарына 60 жуық табиғат жанашыры атсалысып, 5 дана техника, 1 дана су көлігі жұмылдырылды.
 
Нәтижесінде бір күнде 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, тиісті орындарға шығарылды.
 
Жалпы республика бойынша күн сайынғы тазарту іс-шараларын өткізу нәтижесінде бүгінгі күнге дейін су айдындарынан 1200 данадан астам иесіз ау құралдары алынды, полигондарға 160 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
 
Акция өткізуге 3500 жуық адам, 160 жүзу құралы, 465 бірлік автомашина мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды.
 
Таза табиғатты келешек ұрпаққа сақтауда Еліміз үшін бұндай шаралардың маңыздылығы жоғары.
Балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ортасының тазалығын қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін сақтауға шақырамыз.
 
Табиғат қорғау акциясы барлық балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде қарқынды түрде жалғасуда.
 
Осыған орай, барша азаматтарды табиғатты аялауға, жанашырлықпен қарауға және табиғи ортаны ластамауға шақырамыз. Тазалық сақтау - ортақ жауапкершілік.