
ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 20 мамырда Есіл өзенінде «Таза су айдындары» ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.


Акция экологиялық дүниетанымды қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға бағытталған. Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту болып
табылады.
БАҚ өкілдерін экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге табиғатты сақтауға үлес қосуға шақырамыз!

БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) нөміріне 2023 жылғы 19 мамыр сағат 19:00-ге дейін хабарласу қажет.

Жиналу орны: 20.05.2023 жыл, сағат 9:00.