2023 жылғы 11 мамырда сағат 15:55-те Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті және ҚР ІІМ өкілдерінің қатысуымен «Бекіре-2023» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу шеңберінде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауында рейдтік іс-шара жүргізу барысында Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай ауылында «Ямаха-70» аспалы қозғалтқышы бар «Будара» шағын көлемді жүзу құралымен Жанбай ауылының 4 тұрғыны ұсталды.
Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 278 кг сазан балығы және 5 дана синтетикалық моножіптен жасалған ау құралдары анықталды.
Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігінің белгілері бойынша СДТБТ-да тіркеліп, құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 3740490 теңге.