Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналаған бағдарламасына сәйкес Жамбыл облысыныда тауарлы балық көлемін 2030 жылы 8 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. Аталған салаға қызығушылар көбейіп өңірде тауарлы балық көлемі жыл сайын артуда.
Балық көлемінің артуына, саланың дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкердің бірі көл-тауарлы балық шаруашылығын іске асыру үшін 60 млн-ға жуық жеке инвестиция салған. Жобалық қуаты 600 тонна бахтах балығы. Өткен жылы ашылған шаруашылық биыл тауарлы балық алуды көздеп отыр.
Сонымен қатар биылғы жылы инкубациялық цех құрылысын іске қосып, бахтах балығының дернәсілдерін (личинка) өсіруге арналған тоғандар дайындауда. Өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып шаруашылығын өркендетуде.