2023 жылы 6 мамырда жергілікті уақыт сағат 19:00 шамасындағы түскен ақпарат бойынша Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторлары мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, Каспий теңізі жағалауынан 15 дана итбалық және 4 дана бекіре балығының өлекселері табылды.
Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
Сонымен қатар аталған дерек бойынша Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөліміне хабарланып, қылмыстық іс қозғалды. Оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары белгіленетін болады.
7 мамырда итбалықтар табылған жерге Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, ветеринариялық инспекцияның, Қазгидрометтің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы шықты.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Табылған теңіз жануарлары ұшаларының ыдырау деңгейі жоғарғы дәрежеде болғандықтан, өлім себебін анықтау үшін гистологиялық сынама алу мүмкін болмады.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.
Ақпарат түскен сайын жаңартылады.