«Еңбегіне адал жан» айдары

«Еңбегіне адал жан» айдары
Балық шаруашылығы комитеті облыс көлеміндегі балық шаруашылығы саласында талай жылдар бойы қызмет етіп, адал еңбегімен елге еленіп, жас буынға үлгі болған еңбек сіңірген тұлғалар және тәжірибелі, білікті мамандар туралы айдарды ұсынады.
«Еңбегіне адал жан» айдарының бүгінгі кейіпкері
Шелекбаева Айгуль Қалтайкызы бүгінгі 70 жас мерейжасыңызбен құттықтаймыз!
Шелекбаева Айгуль Қалтайкызы ШҚО, Тарбағатай ауданы, Акжар ауылында 1953 жылдың 1 мамырында дуниеге келді. 1960 -1970 жылдары Тарбағатай ауданындағы Приозерный кентінде Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінде оқыды. 1970-1975 жылдары Астрахань қаласындағы балық өнеркәсібі және шаруашылығы техникалық институтында окып, «Ихтиолог-рыбовод» мамандығын алған.
Жоғарыдағы институтты аяқтағаннан кейін, «Зайсанрыбпром» өндірістік бірлестігінде әртүрлі қызметте жұмыс атқарып, Зайсан көлінің балық қорын көбейтуде мақсатында біршама жұмыс аткарды. Ерекше атап өтетін болсақ, 1980-1982 жылдары Петропавл қаласындағы балық питомнигінен көкшұбар балығын Казахрыбвод республикалық акклиматизациялық жоспарына сәйкес тік ұшақпен тасымалдап, Зайсан көліне балықтандыру жүргізген. Бүгінгі күні көкшұбар балығы Зайсан көлінде кәсіпшілік балығы болып саналады.
2005 жылдан бастап Зайсан-Ертіс бассейндік балық шаруашылығында қызмет аткарды. 2011 жылы зейнетке шығып, 2015 жылға дейін мамандарға жұмыс барысында өз тәжірибесімен бөлісті.
Қазіргі уақытта отбасының ұйытқысы адал жар, аяулы ана, мейірімді әже. Өзінің еңбек жолында балық шаруашылығының дамуына және жетілуіне өз үлесін қосқаны үшін 2008 жылы ҚР АШМ «Мамандығы бойынша үздік қызметкер» дипломымен, 2013 жылы ҚР Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Экология саласының үздігі», 2019 жылы «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгілерімен марапатталды.