Құрметті БАҚ өкілдері!

Құрметті БАҚ өкілдері!
2023 жылға арналған балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ағымдағы жылдың 24-25 cәуір күндері Балық шаруашылығы комитеті Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларын балықтандыру бойынша баспасөз турын өткізуді жоспарлауда.
Мемлекеттік тапсырыстың орындаушысы «Шығыс Универсал» Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына шамамен 40 млн.дана ақсаха балық түрлерінің дернәсілдерін жіберуді жоспарлап отыр.
БАҚ өкілдерін баспасөз турына қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге балық ресурстарын қорғауға және көбейтуге өз үлесіңізді қосыңыз.
БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы - ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) телефонына 2023 жылғы 23 сәуір сағат 18:00-ге дейін хабарласу қажет.
Жиналу уақыты мен орны: Өскемен қаласы, Мызы көшесі 2/1, 2023 жылғы 24-25 сәуір күні сағат 09:00.