Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы

Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 18 сәуірде балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеу туралы жарияланғанын хабарлайды.

Алайда, заңды тұлғалардан аккредиттеуге өтінімдер түскен жоқ.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 2 мамырда балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын аккредиттеу үшін құжаттарды қабылдау қайта жүргізілетінін хабарлаймыз.

Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің тек аккредиттелген республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің мүдделерін білдіруге;

2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды дайындауға қатысуға;

3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуге;

4) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурстық комиссияға қатысуға;

5) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуға міндетті.

Аккредиттеуді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы                 № 28 бұйрығымен бекіткен аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығын, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу, оларды аккредиттеуді жүргізу Қағидаларымен регламенттелген

https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/451603?lang=kk

 

Анықтама телефондары 8 (7172) 74-10-35, 8 (7172) 74-02-98.

 

***