«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеу туралы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеу туралы жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Бүгін «Акваөсіру туралы» Заң жобасын әзірлеу туралы Жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырыста жер учаскелерін беру және су объектілерін акваөсіру қажеттіліктері үшін пайдалану мәселелері талқыланды.
​ Бизнес субъектілері көтерген маңызды мәселелердің бірі – су қорғау белдеулері мен аймақтарында балық шаруашылығы объектілерін орналастыру мәселелерін шешу, сондай-ақ балық шаруашылығы үшін су пайдалану лимиттерін көздеу.
​ Отырыс қорытындысы бойынша заң жобасын әзірлеу барысында қаралатын бірқатар ұсыныстар енгізілді.