
Балық шаруашылығы комитеті ғалымдарды, профессорларды, докторларды, оқу орындарының оқытушыларын, сондай-ақ балық шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың қызметкерлерін Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтайды!
Ғылыми жаңалықтар, шығармашылық, зияткерлік қызмет барлық уақытта елдің табысты дамуының негізі және қозғаушы күші, прогрестің, мемлекет өркендеуінің маңызды құрамдас бөлігі болды.
Ғалымның күнделікті өмірі – бұл жаңалықтарға, жаңа білім мен жетістіктерге толы күрделі, жауапты, бірақ өте қызықты жұмыс. Бұл өз ісіне берілген және өз ойларын, идеяларын жүзеге асыруға ұмтылатын саласына бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіретін мамандық.
Кәсіби мереке күні баршаңызға жұмыста табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер, еліміздің балық саласын дамытуға бағытталған ең батыл жобаларды іске асыруда сарқылмас шығармашылық қуат тілейміз.