
Қазақстан Республикасының су айдындарында балық аулауға тыйым салу мерзімдерімен сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011939
Сонымен қатар, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 9-бабының 76-1-тармағына сәйкес, балық шаруашылығының бассейндік инспекциялары аккредиттелген балық шаруашылығы ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайтынын ескерген жөн.
Балық аулауға тыйым салу мерзімдерінің өзгеруі туралы алдын ала хабарланатын болады.