Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары

Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары
6 - 11 наурыз аралығында «Хамит» АӨК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында кәсіпкерлер мен балық өсірушілерге арналған «Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде.
🔰«Хамит» АӨК мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында семинарды «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері Бадырызлова Н.С. және Умиртаева А.У өткізді.
✅Семинар барысында тыңдаушылар бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, Қазақстандағы балық шаруашылығы жағдайында акваөсіру объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Бизнес-жоспар жасауды үйренді.
✅Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Вита» ЖШС шарбақ шаруашылығында, «Сұлтан» КТБӨШ ЖШС-де, «Бәйтерек» ЖК бассейндік шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өткізілді