Төраға орынбасары балық шаруашылығы субъектілерімен кездесті

Төраға орынбасары  балық шаруашылығы субъектілерімен кездесті

  2023 жылғы 1 сәуірде Атырау қаласында ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары А. Қ. Бахияновпен Жайық-Каспий бассейніндегі балық шаруашылығы субъектілерімен кездесу өткізілді.

     Кездесу барысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы, өңірдің балық өңдеу секторын одан әрі дамыту, су айдындарында балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу мәселелері, сондай-ақ балық саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және субсидия алу мәселелері талқыланды.

      Кездесу қорытындысы бойынша балық шаруашылығы субъектілері кездесу хаттамасында көрсетілген балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.