Түркістан облысы Шардара су қоймасында «Таза су айдындары» акциясы өткізілді

Түркістан облысы Шардара су қоймасында «Таза су айдындары» акциясы өткізілді
Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастыруымен балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ортасының тазалығын сақтау, экологияны жақсарту мақсатында, «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы Шардара су қоймасында кең көлемде өткізілді.
 
Акцияның мақсаты балық ресурстарын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, су айдындарына тасталған (иесіз) балық аулау ауларынан және жағалау аумақтарын әртүрлі қалдықтардан тазарту арқылы табиғатқа жанашырлықпен қарауға негізделген.
 
Шардара су қоймасын тазарту жұмыстарына 90-ға жуық табиғат жанашыры атсалысып, 10 дана техника, 6 дана су көлігі жұмылдырылды.
Нәтижесінде бір күнде 15 данаға жуық ескі ау құралдары және 2,5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, тиісті орындарға шығарылды.
 
Таза табиғатты келешек ұрпаққа сақтауда Еліміз үшін бұндай шаралардың маңыздылығы жоғары.
 
Балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының тіршілік ортасының тазалығын қазіргі және болашақ ұрпақ мүддесі үшін сақтауға шақырамыз.
 
Табиғат қорғау акциясы барлық балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде қарқынды түрде жалғасуда.