Құрметті Түркістан облысы және Шымкент қаласының БАҚ өкілдері!

Құрметті Түркістан облысы және Шымкент қаласының БАҚ өкілдері!
📍ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 31 наурызда Шардара су қоймасында «Таза су айдындары» ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
​ 📎Бұл акцияның мақсаты – балық ресурстарын және олардың тіршілік ету ортасын сақтау, табиғи өсімін молайту үшін жағдай жасау, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын тазарту болып табылады.
🐟Акция барысында балық шаруашылығы су айдындарын жарамсыз балық аулау құралдарынан тазарту, сондай-ақ жағалауды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл табиғат қорғау акциясы жыл сайын республика бойынша өткізіледі.
БАҚ өкілдерін экологиялық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Бізбен бірге табиғатты сақтауға үлес қосуға шақырамыз! Көлік ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
📲БАҚ өкілдерін тіркеу үшін 8 775 696 42 20 (Аружан Еспайқызы ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы) нөміріне 2023 жылғы 30 наурыз сағат 19:00-ге дейін хабарласу қажет.
📍Жиналу орны: Шардара ауданы әкімдігі, 31.03.2023 жыл, сағат 10:00 (Астана уақытымен).