2023 жылғы 26 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты балық қырылуының алдын алу мақсатында, Атырау қаласы Бесікті аймағы Безымянное су айдынын қураған ағаш пен өсімдіктерден тазалау жұмыстарын жүргізді.
Су тасқыны болғанда, уылдырық шашатын ұсақ балықтар ормандағы қураған ағаштар мен өсімдіктерден тазаланбаған су айдындарына өтіп, қырылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн.
Тазалау жұмыстары Инспекция қызметкерлерімен бірге, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен жалғасуда.