Нарын арнасында балықтардың қырылуы туралы

Нарын арнасында балықтардың қырылуы туралы
2023 жылғы 16 наурызда әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылында орналасқан Нарын арнасында балық қырылуы туралы ақпарат анықталды.
 
Осы жағдай бойынша, Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, құзыретті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ ғылыми ұйымдарға жедел хабарланды.
 
Қазіргі уақытта Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының бастауымен, жергілікті атқарушы орган, Атырау қаласы бойынша экология департаменті, Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, сондай-ақ ғылыми ұйымның және «Қазсушар» РМК өкілдері балық қырылу фактісі анықталған жерге шықты.
Нарын каналы «Қазсушар» РМК теңгерімінде екенін айта кету керек.
 
Алдын-ала болжам бойынша балықтардың кырылуы оттегінің жетіспеушілігінен.
Толығырақ ақпарат қосымша хабарланады.