Бүгінгі таңда 17 қазақстандық ұйым Қазақстаннан Еуроодаққа өнімді экспорттауға рұқсат етілген кәсіпорындар тізіміне енгізілген. Бұл ретте Еуроодақ елдеріне балық өнімдерін экспорттауды жүзеге асыру үшін евро ономер алуға ниетті балық шаруашылығы саласында қосымша 13-ке жуық отандық субъект бар.
2021 жылы статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстаннан Еуроодақ елдеріне 19,6 млн.АҚШ доллаға 3,5 мың тонна балық өнімі (балық сүбесі, кептірілген және ысталған балық), ал 2022 жылы – 40 млн. АҚШ долларыға 6 мың тонна экспортталған.
Осылайша, қазақстандық кәсіпорындарды Еуроодақ елдеріне экспортқа құқығы бар елдер тізіміне енгізу рәсімін қайта бастау экспорттық әлеуеттің және балық өнімдерін өндіру көлемінің одан әрі өсуіне және балық өңдеу кәсіпорнының қызметін жақсартуға мүмкіндік береді