Алқа отырысында балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Алқа отырысында балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Қ. Шәрбиевтің төрағалығымен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары жұмысының қорытындылары, сондай-ақ 2023 жылға арналған міндеттер туралы Алқа отырысы өтті.
 
Алқа отырысында Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру, салаға инвестиция тарту, балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау, браконьерлікпен күресу және балық аулауды реттеу мәселелері қаралды.
 
 Отырыс қорытындысы бойынша аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, Комитеттің алдағы кезеңдегі қызметіндегі міндеттері мен басымдықтары айқындалды.