С международным женским днем!

С международным женским днем!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
 
Балық шаруашылығы комитетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында салтанатты құттықтау шарасы өтті.
 
 
Ұжым әйелдер қауымына ұзақ жылғы адал еңбегі мен экология саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар, аумақтық инспекциялар мен ведомствалық бағынысты ұйымдардың бірқатар қызметкерлеріне Балық шаруашылығы комитеті төрағасының Алғыс хаты берілді.
 
 
Комитет төрағасы Н.Т. Жүнісов құттықтау сөзінде: «Еліміздің тарихы мен дамуында, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауда, рухани жылулық пен үміттің бейнесінде әйелдер қауымының өшпес ізі бар. Әрқашан күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы болып жүре беріңіздер. Жарқын мереке қарсаңында, шынайы көңілден істеріңіздің сәтті болуын, шаңырақтарыңыздың ырысы мен берекесі артуын тілеймін», -деп тілек білдірді.