Бекіре тұқымдас балық түрлерін заңсыз тасымалдау салдарынан мемлекетке 78 млн. теңгеге жуық залал келтірді

Бекіре тұқымдас балық түрлерін заңсыз тасымалдау салдарынан мемлекетке 78 млн. теңгеге жуық залал келтірді
 
2023 жылғы 1 наурызда сағат 00:30 шамасында «Браконьер» бірлескен жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Манғыстау облысы бойынша департаменті, табиғат қорғау прокуратурасы және патрульдік полициямен бірлесіп республикалық «Таушық-Атырау» тас жолының 43 шақырымында жалпы салмағы 150 кг бекіре тұқымдас балықтарды тасымалдаған автокөлік тоқтатылды.
​
Заңсыз іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке 78 млн. теңгеге жуық залал келтірілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының белгілерімен қылмыстық іс қозғалды.
 
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.