Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы 2023 жылдың 28 ақпан күні Көкпекті балық инспекция қызметкерлері және Көкпекті табиғат қорғау полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдттік іс-шара барысында Жайсан көлі оңтүстік жағалауында тыйым салынған 2 дана балық аулау құралын (моножіптен және моноталшықтан жасалған ау ) пайдалана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаған Тарбағатай ауданының 4 азаматы ұсталды.
Заңсыз ауланған жалпы балық салмағы-226,2 кг, оның ішінде көксерке-81,4 кг., табан-130 кг., шортан-14,8 кг
Табиғатқа келтірілген залал-916.285,5 теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 335 бабы 3 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулауғаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айырылады.