2023 жылдың 1 наурызында «Instagram» желісінде бір итбалықтың өлген данасы көрсетілген бейнеролик жарияланған болатын. Бейнероликтегі түсініктемеге сәйкес, итбалық ұшасы Ақтау қаласының 15 шағын ауданының маңындағы Каспий теңізінің жағалауында табылды.
Бекітілген өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, Жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, Гидробиология және экология институты, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, Экология және Полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.
Сонымен қатар, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының бөлім басшысы бастаған жұмыс тобы Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының, ветеринариялық инспекцияның, Маңғыстау облысы бойынша Экология және Табиғатты қорғау полициясы департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп итбалық ұшасы табылған жерге шықты.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті итбалық ұшасы табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Итбалықтың қырылу фактісі Ақтау қаласының Табиғат қорғау полициясында 2023 жылғы 1 наурызда № 234710030005357 тіркелді. Осы іс шеңберінде каспий итбалығы өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлар анықталатын болады.
Алдын - ала мәліметтерге сәйкес, табылған дана – итбалықтың күшігі, және оның денесінде физикалық зақымдану іздері жоқ.
Қазіргі уақытта табылған итбалықтың ұшасы Республикалық ветеринариялық зертхананың Маңғыстау филиалында сақталуда.
Ақпарат түсуіне қарай жаңартылатын болады.