Балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

2023 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу Қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, аккредиттеу қағидаларынан көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттарды комиссиялық қарау алынып тасталды. Енді қарауды Балық шаруашылығы комитеті жүргізеді.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттардың тізбесі:

1) Қазақстан Республикасының барлық облыстарының аумағындағы филиалдар және (немесе) өкілдіктердің;

2) қауымдастықтың немесе жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты орналастыруға және алуға арналған веб-сайтты және басқа да ақпараттық порталдардың;

3) меншік құқығындағы барлық филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде және (немесе) балық шаруашылығы субъектілерімен және қауымдастық мүшелерімен жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізу үшін қауымдастыққа тіркелген немесе өзге де заңды негіздерде жүзеге асырылатын қызметтік үй-жайлар бар-жоғын растайтын құжаттармен толықтырылды.

Сонымен қатар, аккредиттеу туралы Куәліктің жарамдылық мерзімі төрт жылдан екі жылға қысқартылды.

Бұйрық 2023 жылғы 27 наурызда заңды күшіне енеді, содан кейін Балық шаруашылығы комитетінің интернет-ресурсында аккредиттеуді өткізу мерзімдері мен шарттары туралы хабарландыру орналастырылады.

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/adilet/V2300031770?lang=ru