Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашадағы Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау мақсатында, Балық шаруашылығы комитеті 2023 жылғы 19 қаңтарда өңделмеген балық экспортына шектеулер енгізу мәселелері бойынша балық шаруашылығы субъектілерімен-балық өнімдерін өңдеушілермен және экспорттаушылармен онлайн форматта кеңес ұйымдастырды.
Осы кеңестің негізгі мақсаты осы салада жұмыс істейтін бизнес субъектілерін осы мәселені кеңінен талқылаудың басталуы туралы хабардар ету және осы шектеулерді енгізудің орындылығын қарастыру болып табылады.
Алдағы уақытта, нақты және келісілген шешім қабылдау үшін барлық бизнес субъектілерімен бірнеше кеңестер өткізу жоспарлануда.
Ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған жағдайда m.kalmuratov@ecogeo.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберуді немесе 8(7172)74-10-58 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.