Бүгінгі таңда республика бойынша 380-ге жуық шаруашылық балық өсірумен айналысады. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы шеңберінде мыңнан астам жаңа шаруа қожалықтарын құру жоспарлануда.
Вице-министр өз сөзінде
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары пысықталуда. Мысалы, терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды, кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін, балық өсірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауға жұмсалған шығындарды өтеуді енгізу жоспарлануда.
- Бұдан басқа, Атырау қаласындағы Мемлекеттік бекіре зауытын жаңғырту жөніндегі тапсырмаға қатысты инвестициялық ұсыныс әзірленуде, оны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық экономика министрлігіне енгізу жоспарлануда. Зауыттың өндірістік базасын қайта құру жобалық қуаттылықты жылына 7-ден 12-15 млн данаға дейін ұлғайтуды және өзінің аналық табынын қалыптастыруды көздейтін болады деп атап өтті.