Қазіргі уақытта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеуде.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, балық өсірумен айналысатын субъектілердің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, мамандар және өзге де мүдделі тұлғалар қатарынан құрылады.
Жұмыс тобының құрамына қосылу үшін ұсыныстар 2023 жылғы 5 қаңтарға дейінгі мерзімде g.bailina@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Өзге де сұрақтар бойынша 8 (7172) 74-12-41 Гульнар Байлина телефоны бойынша хабарласуға болады.