2022 жылғы қараша-желтоқсанда итбалықтардың қырылу себептерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аралық ақпарат

2022 жылғы қараша-желтоқсанда итбалықтардың қырылу себептерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аралық ақпарат
2022 жылғы 7 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында рейдтік іс-шаралар барысында 172 өлі итбалықтың ұшасы табылды.
ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетімен итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін түрлі ғылыми ұйымдар: “Гидробиология және экология институты" мекемесін, "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, "Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі" ЖШС, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығын,сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар: Маңғыстау облысының экология департаментін, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері, Маңғыстау облысының полиция департаменті жұмылдырылды.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметтері бойынша, өлі итбалықтардың тіндерінің зерттелген үлгілерінде пастереллез және етқоректі оба қоздырғыштары табылған жоқ.
Қазгидромет пен Маңғыстау облысының экология департаменті теңіз суы мен атмосфералық ауа сынамаларын зерттеу нәтижелері бойынша зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясынан асып кетпегенін анықтады.
Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, Ресей Ғылым Академиясының Экология және эволюция проблемалары институтының алдын ала зерттеулерінің нәтижелері бойынша сынамаларда вирустық инфекциялар жоқ, алайда итбалықтардың өлу себептерін нақтылау үшін қазіргі уақытта кеңейтілген зертханалық зерттеулер жүргізілуде, өйткені жануарлардың өліміне иммунитеттің әлсіреуі себеп болды деп болжануда. Кеңейтілген зертханалық тексерудің нәтижелері 2022 жылғы 30 желтоқсанда күтілуде.
Гидробиология және экология институтының қызметкерлері өлі итбалықтардың 85 ұшасын (аталықтары 43, аналықтары 42) зерттеді, олардың 60 ұшасынан жасын анықтау үшін тырнақтары мен азу тістері алынды, гистологиялық зерттеулер үшін 7 дарақтан тіндердегі патологиялық өзгерістерді анықтау мақсатында өкпе, бауыр, бүйрек және көкбауыр сынамалары алынды. Барлық сынамалар өңдеу және зерттеу кезеңінде, аяқталу мерзімі 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін.
Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін аяқталатын итбалықтардың денесінде ауыр металдардың болуына бауыр тіндерінің сынамаларын зертханалық зерттеуді жалғастыруда.
Өлі итбалықтардың ұшаларын жергілікті атқарушы органның коммуналдық қызметтері мен Балық шаруашылығы қауымдастығы-BD өкілдерінің күштері санитарлық нормаларды сақтай отырып жойды.
Жұмыс тобы келесі қорытындыға келді:
1. итбалықтардың ұшаларынжа техногендік факторлардың: балық аулау, кеме қатынасы, браконьерліктің әсерін көрсететін механикалық зақым табылған жоқ;
2. ұшалар 5 Мүмкін болатын ыдыраудың 3-4 сатысына жатқызылды, бұл талдаулар үшін ішінара сынама алуға мүмкіндік берді;
3. қырылу себептерін дәлірек анықтау үшін 2023 жылдың 20 қаңтарына дейін аяқталуы жоспарланған барлық зерттеулердің қорытындысы қажет;
4. Жұмыс тобының келесі отырысы 2023 жылғы 21 қаңтарға тағайындалсын.
Бұл ретте Жұмыс тобы каспий итбалығын зерттеу бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыру, сондай-ақ тіршіліктік талдау әдісімен жүйелі негізде зерттеулер жүргізу қажеттігін атап өтті.