МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 22 қыркүйекте Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте кәсіпкерлерге өңірде балық өсіру және өңдеу бойынша қолайлы жағдайлар жасауды тапсырды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуде Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құруды және браконьерлікке қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

Осыған байланысты 2022 жылғы 20 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімі Н.А. Ноғаевтың төрағалығымен балық шаруашылығы мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Оған Алматы, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарының балық шаруашылығы субъектілері, әлеуетті инвесторлар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Кеңесте әртүрлі өңірлерден келген балық шаруашылығы субъектілері өз шаруашылықтары туралы айтып, тәжірибе алмасты.

🐟Балық шаруашылығы комитетінің аквамәдениетті дамыту басқармасының басшысы М.М. Ғаббасов балық шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлады.

ҰБТ дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әкімі Н.А. Ноғаев өңірдегі балық шаруашылығын бірлесіп дамытуға шақырды және саланы дамыту бойынша тиісті жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.