Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысы аяқталды

Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысы аяқталды
 
2022 жылғы 19-21 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы өтті.
 
Отырыс қорытындысы бойынша Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында бірқатар шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, 2023 жылға арналған жалпы рұқсат етілетін аулау бойынша ұсынымдар қабылданды және бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталары (көлемдері) келісілді.
 
Бұдан басқа, тараптар бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды 2023 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.
 
Отырыс аяқталғаннан кейін тиісті хаттама жасалып, дипломатиялық каналдар арқылы каспий маңы мемлекеттеріне жолданады.