Балық шаруашылығы комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болатынын хабарлайды.
Шағын несиелер ауылдық елді мекендердің және шағын қалалардың тұрғындарына өз бизнесін, оның ішінде бастапқы бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін беріледі. 2023 жылы республикалық бюджеттен
11 мыңнан астам шағын қарыз беру жоспарымен 52,4 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 2,5 мың АЕК дейін немесе шамамен 7,9 млн. теңге, бастамашы кооперацияны дамыту үшін – 8,0 мың АЕК дейін немесе 25,4 млн.тенге. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылына 2,5%-бен, мерзімі 5 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың әкімдіктері жергілікті жерлерде мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды.
Балық өсіру үшін бизнес субъектілері осы жобада қатыса алатындығын атап өту керек.
Толық ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдарға хабарласуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/474799?lang=ru&fbclid=IwAR2LxeLgCa1ztYwXSCFSpm93Cd8QJUfb0D5uHJzUFArAwMeJ1N7p6RDPjRg