Бүгін Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы басталды

Бүгін Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы басталды
 
   2022 жылғы 19 желтоқсанда Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі үкіметаралық Комиссия өз жұмысын бастады. Айта кету керек, 2021 жыл мен биылғы жылғы үкіметаралық комиссия отырысы Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткізілуде. Қазақстандық делегацияны Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Жүнісов Нариман Талғатұлы басқарады.
 
Үкіметаралық комиссияның отырысы 3 күнге созылады, онда тараптардың аулау квотасын пайдалану туралы, Су биологиялық ресурстарын молайту және қорғау туралы, Теңіз ғылыми зерттеулері негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептері, сондай-ақ 2023 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын (көлемдерін) бекіту, Каспий теңізінде бекіре балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту және тағы да басқа мәселелер талқыланады.
 
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.