Қазақстан Үкіметінің отырысында Балық саласын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Үкіметінің отырысында Балық саласын дамыту мәселелері талқыланды
2022жылдың 6 желтоқсанында Үкімет отырысында балық саласын дамыту мәселелері талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады.
Балық шаруашылығын дамуының көрсеткіштеріне тоқталып:
 
Соңғы 3 жылда балықты қолдан өсіру көлемі 2 есе артты.Бұған өткен жылы қабылданған Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы айтарлықтай серпін берді.
 
 Саланы мемлекеттік қолдау шаралары күшейтілді, оның ішінде қажетті азық қорын ұлғайтуға көңіл бөлінді.
 
 Балық өсіруге арналған тоғандарды жобалау рәсімдері жеңілдетілді.
 
Салық кодексі аясында балық кәсіпшілігіне қосылған құн салығын 70%-ке төмендету көзделді.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 2 жылда балық өсіретін шаруашылықтардың саны 2 есе өсті.
 
Балық экспорты 13%-ке ұлғайды, оның ішінде Еуропа елдері де бар.
 
Жалпы, қолдан өсірілген және ауланған балық өндірісі биылғы жылдың 10 айында шамамен 57 мың тонна болды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ке жоғары екендігін атап өтті.
 
📌Бұдан басқа, Премьер-Министр балық саласын дамыту бойынша тапсырмалар берді.
 
Өңір әкімдіктері балық өсіру саласына инвестициялар тарту жұмысын күшейту қажет. Балық өсіретін шаруашылықтарды ұйымдастыру үшін учаскелерді беру рәсімін жеңілдету керек.
 
Сауда министрлігі Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, отандық балық өнімдерін сататын арнайлы объектілер құру мәселесін пысықтасын. Жергілікті өнімге сұранысты арттыру үшін жағдай жасау қажет.
 
 Мемлекет басшысы Атырау облысындағы мемлекеттік Бекіре зауытының техникалық жағдайын жақсарту қажеттілігін атап өтті. Сондықтан Экология, геология және табиғи ресрустар минисрліктері мен облыс әкімдігі осы зауыттарды реконструкциялауды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу мәселесін пысықтасын.