Мемлекет тарапынан қолдау шаралары кеңейтіліп, балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған соң, кәсіпкерлердің балық өсіруге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді.
Жасанды балық өсіруге әлеуеті жоғары аймақ саналатын Түркістан облысында биыл бірнеше шаруашылық іске қосылды. Солардың бірі Түлкібас ауданындағы тоған шаруашылығы.
Жалпы жобаны іске асыру үшін 50 млн жеке инвестиция салынған. Қуаттылығы жылына 100 тонна. Онда сазан, ақ амур, дөңмаңдай, көксерке балықтары өсіріледі.
Алдағы уақытта кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен субсидия алып, шаруашылықты дамытуды жоспарлап отыр.