2022 жылғы 2 желтоқсанда төраға орынбасары Бахиянов А.Қ. zoom қосымшасы арқылы әдеп жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Комитетке қарасты облыстық Инспекциялардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге қатысты балағат сөздер айту және жалған ақпарат тарату белең алып кетті. Осыған сәйкес, Бахиянов А.Қ. Комитеттің әдеп жөніндегі кеңес мәртебесі мен өкілеттіліктерін түсіндірді. Бұдан басқа, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында, Инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілдеріне қызметкерлер арасында сауалнамалар жүргізуді тапсырды.
- Мемлекеттік қызметші ретінде, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Заңнамалардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет.
- Көпшілігіміз әлеуметтік желіні пайдаланамыз. Қазір ақпараттық технологияның дамыған заманы. Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп бар. Оның өзі – қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс,-деді Аян Қайратұлы.
Қорытындылай келе мемлекеттік қызметшілерді қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамдық орын әдебін сақтауға, Әдеп нормаларына қайшы іс-әрекеттерге бармауға шақырды.