Жамбыл облысында балық өсіретін шаруашылық ашылды

Жамбыл облысында балық өсіретін шаруашылық ашылды
 
Биыл Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 120 тоннаға жуық бахтах балығын өсіретін тоған шаруашылығы пайдалануға берілді.
 
Шаруашылықта инкубациялық цех және дернәсілдер, балық шабақтарын өсіруге арнайы жағдайлар жасалған. Шабақтардың салмағы 5 граммға жеткеннен кейін балық өсіретін бассейндерге ауыстырылады, бүгінгі күні онда 150 мыңнан астам бахтах шабақтары өсірілуде.
 
Бұл ретте, тауарлы балықты 2023 жылы алу көзделіп отыр.
 
Мемлекет тарапынан қолдау шаралары кеңейтіліп, балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған соң, кәсіпкерлердің балық өсіруге деген қызығушылығы жыл сайын артып жатқанын атап өткен жөн.