Алматы облысында балық өсіретін жаңа шаруашылық ашылды

Алматы облысында балық өсіретін жаңа шаруашылық ашылды
🔹Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында қуаттылығы жылына 120 тонна форель өсіретін жаңа тоған балық өсіру шаруашылығын іске қосылды. Тоғандарға 100 мың дана форель шабақтары жіберілді.
🔹Бұл жобаны іске асыру үшін 80 млн.теңгеге жуық жеке инвестиция салынды. Тауарлық балық 2023 жылдың екінші тоқсанында алынады деп күтілуде.
🔹Шаруашылық басшысы - Тұрсынәлі Марлен Тұрсынәліұлы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығының түлегі. 2012 жылдан бастап балық өсірумен айналысады және бүгінде Алматы облысында 50-ден астам адам жұмыспен қамтылған бірнеше балық өсіру шаруашылықтарының басшысы болып табылады. 2021 жылы М. Т. Тұрсынәлі басшылығымен осы балық өсіру шаруашылықтарында 200 тоннаға жуық балық өсірілді.
🔹Бұдан басқа, Қазақстандағы «Aller Aqua» (Дания) балық азығының ресми дистрибьюторы болып табылатын «King Fish» Тұрсынәлі М.Т. компаниясы балық өсіру шаруашылықтарын жоғары сапалы азықпен және балық отырғызу материалымен қамтамасыз етеді.
🔹Өз кезегінде, «King Fish» компаниясы бастамашы кәсіпорын ретінде шаруашылықтарға балық өнімдерін өсіруге және сатуға көмектеседі.
🔹2020 жылы М.Т. Тұрсынәлі «Балық мектеп» жобасын іске асырды, оның негізгі қызметі кәсіпкерлер мен балық өсірумен айналысқысы келетіндерді балық шаруашылығына оқыту болып табылады.
🔹Жобаның жұмыс істеген уақыттан бастап 205 адам оқытылды, оның ішінде 30 мектеп түлегі Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында өздерінің балық өсіру шаруашылықтарын ашты.
🔹«Балық мектеп» жобасы акваөсіруді танымал ету, оқыту арқылы Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға жәрдемдеседі, бұл жаңа балық өсіру шаруашылықтарын ашуға және балық шаруашылығында теориялық және практикалық тәжірибе алуға ықпал етеді.
🔹Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының индикаторлары мемлекеттік қолдау шараларына ғана емес, сондай-ақ осындай кәсіпкерлердің белсенді қызметіне де байланысты екенін атап өткен жөн.
ей.