Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес «күтім» балығы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізімінен шығарылды.
Осыған байланысты, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ағымдағы жылғы 14 қарашадағы № 699 бұйрығымен «күтім» балығын кәсіпшілік мақсатта аулау үшін жалпы көлемі 200 тонна болатын балық ресурстарын алып қою лимиттеріне енгізілді.
Сонымен қатар, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ағымдағы жылғы 15 қарашадағы № 701 бұйрығымен elicense.kz портал арқылы күтім балығын кәсіпшілік аулауға рұқсат алуға мүмкіндік беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидасына өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылықтары қауымдастығы – BD» ЗТБ-не Каспий теңізінің балық шаруашылығы субъектілері арасында квота бөлу туралы хат жолдады.
Осыған байланысты, квота бөлінгеннен кейін және жоғарыда аталған бұйрықтар заңды күшіне енгеннен кейін, күтім балығын балық шаруашылығы субъектілері Каспий теңізінде кәсіпшілік аулауды жүзеге асыра алады..