Каспий итбалығын зерттеу және сақтау мәселелері бойынша халықаралық вебинар

Каспий итбалығын зерттеу және сақтау мәселелері бойынша халықаралық вебинар

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні Балық шаруашылығы комитеті Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Республикасы өкілдерінің қатысуымен "Каспий итбалығын зерттеу және сақтау мәселелері" атты халықаралық вебинар ұйымдастырды.

Вебинар барысында әрбір қатысушы ел Каспий итбалықтары популяциясының жай-күйі туралы ақпарат баяндайды. Сондай-ақ, Қазақстанның ғылыми ұйым қызметкерлері Каспий итбалығын сақтау жөніндегі ұлттық іс-шара жоспарын ұсынады.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттер арасында каспий итбалығын зерттеу және оларды сақтау шаралары бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралатын болады.

 Айта кетейік, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуде Каспий итбалықтарының санын сақтау және қалпына келтіру мәселесі жеке бақылауында екенін атап өткен болатын. Осыған байланысты, Комитет тапсырмаларды орындау үшін тиісті шаралар қабылдауда.