
Жұмыс сапары барысында, Қызылорда облысы, Арал ауданындағы “Қамыстыбас” қазыналық кәсіпорнының Қосжар және Тастақ бөлімшелермен және Көк Арал бөгетіндегі гидроакустикалық құрылғы жұмыстарымен танысты.
Биыл айдынды өлке үшін ерекше жыл. Әлем таныған Арал қаласына 95 жыл толса, ашаршылық жылдары Поволжье тұрғындарына 14 вагон жіберген қайырымды іске 100 жыл толды. Биыл «Балықшылар слеті» алтыншы рет сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысуымен өткізілді.
Бүгінгі таңда, өңірде тұрақты жұмыс істейтін балық өңдеу зауыттары бар, оның ішінде Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сәйкес келетін және Одақтың елдеріне балық өнімдерін экспорттаумен айналысатын ұйымдарда баршылық. Бұлардың әрқайсысы жүздеген жұмыс орындарын ашып, өнімдерін алыс-жақын шетелдерге шығарып, облыс экономикасына қомақты үлестерін қосып отыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан балық шаруашылығын бұдан әрі дамыту бойынша бір қатар ауқымды жоспарлар бар, оларды жүзеге асыру үшін тиісті шаралар қолға алынды
“Сіз Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі, балық шаруашылығы саласының дамуы жолында аянбай еңбек еттіңіз. Жауапты лауазымдарда қызмет атқарып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Балық шаруашылығы министрі ретінде саланың дамуына айрықша үлес қостыңыз. Халықаралық Аралды құтқару қоры тобының мүшесі болып, Арал қаласында «Балықшылар мұражайын» ашуға бастамашы болдыңыз.Сыр өңірінде абыроймен еңбек етіп, халық мүддесі жолында аянбай тер төккен Сіздің еңбегіңіз ұшан – теңіз”,- деп төраға орынбасары өз құттықтауын жеткізді.