Ақмола облысы тұрғындарымен кездесу

Ақмола облысы тұрғындарымен кездесу

📍2022 жылғы 26 қазанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов Ақмола облысында жергілікті тұрғындармен кездесті.

📌 Мақсаты-тұрғындарды балық шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету.

🔍Кездесу барысында балық шаруашылығы субъектілері көтерген мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау лимиттерін бекіту кезінде экологиялық сараптама жүргізу қажеттілігі, мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде субсидия алу мәселелері.

🔖Сондай-ақ, Н. Жүнісов азаматтардың мәселелерін талқылау мақсатында жеке қабылдау өткізді.

📌Сонымен қатар, Комитет төрағасы Бурабай ауданында орналасқан "Biosphera-Fish" ЖШС форель шаруашылығының жұмысымен танысты.

🔴Жұмыс сапары нәстижесінде, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына облыстағы балық шаруашылығын дамыту аясында атқарылуы тиіс жұмыстар мен алдағы басым міндеттеріді атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.