
2022 жылғы 25 қазанда Балқаш - Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығының инспекторлары Сарқан аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында, Жетісу облысы Сарқан ауданыны «М. Төлебаев - Лепсы» автожолында С. жүргізушісінің басқаруындағы «Mitsubishi Crafter» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
🔎Автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 1167 кг тиісті құжатсыз тасмалданған заңсыз ауланған әр түрлі балықтар анықталды.
📌Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарымен ҚР ҚК 335-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
📌Аталған азаматтың заңсыз іс-әрекеттерінен балық ресурстарына алдын ала келтірілген залал 3 010 040 теңгені құрады.