Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың кешенді жоспары шеңберінде 100 балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру арқылы ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру көзделген

Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырудың кешенді жоспары шеңберінде 100 балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру арқылы ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру көзделген


Мәселен, 2022-2023 жылдары балық өсіру көлемін 2021 жылғы 15 мыңнан 2023 жылға қарай 32 мың тоннаға дейін ұлғайта отырып, 500 жұмыс орнына 100 жаңа балық өсіру шаруашылығын құру, сондай-ақ жұмыскерлердің жалақысын 2024 жылдан бастап 40% - ға арттыру жоспарлануда.
2022 жылы 106 жұмыс орнын құра отырып, 45 жаңа балық өсіру шаруашылықтары құрылды, оның ішінде 36 көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары, олар балық өсіру үшін жеке және заңды тұлғаларға конкурстық негізде су айдындарын бекіту жолымен және 9 тоған балық өсіру шаруашылықтары құрылды.
Жыл соңына дейін 2 тоған және 2 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған 2 балық өсіру шаруашылығы, жалпы 6 индустриялық балық өсіру жобасы іске қосылады деп жоспарлануда.
Қазірдің өзінде құрылған және құруға жоспарланған балық өсіру шаруашылықтарында балық өсірудің жалпы қуаты жылына 5 мың тоннадан асады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
5 сәуірдегі № 208 қаулысымен бекітілген балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын практикалық іске асыру шеңберінде балық шаруашылығы субъектілері үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Мәселен, ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді. Атап айтқанда, 2021 жылы аквамәдениетті субсидиялау (ЭГТРМ 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығы) және инвестициялық субсидиялау (ЭГТРМ 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығы) қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет АШМ құзыретінен ЭГТРМ құзыретіне берілді.
Бұл ретте, жаңа қағидаларға сәйкес балық шаруашылығы субъектілері үшін инвестициялық салымдар кезінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндіктер кеңейтілді. Мәселен, егер бұрын бизнес субъектілерінде көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу, сондай-ақ УЗВ немесе тор желісін қолдана отырып балық өсіру шаруашылығын құру немесе кеңейту кезінде инвестициялық шығындарды өтеуге субсидиялар алу мүмкіндігі ғана болса, онда жаңа қағидалар бойынша тоған шаруашылығын,балық питомниктерін құруға немесе кеңейтуге арналған инвестициялық шығындар қосымша субсидияланатын болады, балық және балық өңдеу объектісіне арналған жемшөп өндіретін зауыт (цех).
🔻Жалпы, бүгінгі таңда өтемақы түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылған:
- Балық шаруашылығын дамыту саласына инвестициялардың 25 % ;
- Бекіре, тұқы, лосось, сом, лат, цихлидтер, сондай-ақ шаян тәрізділер үшін жем сатып алу кезіндегі шығындардың 30 % ;
-Балық өсіру-биологиялық негіздемелерінің құнынан шығыстардың 50%; балық отырғызу материалдарын және бағалы балық түрлерінің, сондай-ақ дәрілік препараттардың жөндеу-аналық табындарын сатып алуға жұмсалады.
Айта кету керек, субсидиялаудың жаңа қағидаларына сәйкес өтінімдер кезектерінің тізілімі қалыптастырылады. Мәселен, ағымдағы қаржы жылында бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында резервтегі күту парағы бойынша кезектілікпен жүзеге асырылады.
🔻Сондай-ақ заңнамалық деңгейде балық шаруашылығы саласындағы бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды, атап айтқанда:
Біріншіден, кәсіптік балық аулау субъектілеріне бекітілген су айдындарында балық өсіруге арналған торлар орнатуға құқық берілді.
Екіншіден, су қорғау белдеуінде балық өсіретін тоғандар мен балық өсіретін бассейндерді орналастыру бойынша шектеулер алынып тасталды.
Үшіншіден, су айна алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғандары мен бассейндерін салу кезінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптама қорытындысын алу жөніндегі талаптар алынып тасталды.
Төртіншіден, бизнес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындарды өтеуден босатылды.
🔻Балық шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмыстары жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылы:
1) ВАК отырысында «Акваөсіру туралы» Заң жобасының Тұжырымдамасы мақұлданды және Заң жобасын әзірлеу басталды;
2) балық өңдеумен айналысатын субъектілер үшін қосылған құн салығын (ҚҚС)төмендету мәселесі пысықталуда («Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті мәжілісінде қаралады);
3) балық өсіру инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде жер учаскелері мен су айдындарын берудің оңайлатылған тәртібі, отандық шикізаттан терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды енгізу және бизнес үшін өзекті басқа да түзетулер көзделеді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы құзыретті мемлекеттік органдарға қайта келісуге бағытталған).
Осы түзетулер қабылданған жағдайда балық өсіру үшін табиғи артықшылықтарды пайдалану тиімділігі артады, балық өсіру шаруашылықтарын салу кезіндегі шығындар және өсірілген балықтың өзіндік құны төмендейді.