
2022 жылғы 30 қыркүйекте Қамыстыбас балық питомнигі мемлекеттік кәсіпорнымен Қызылорда облысының су айдындарын балықтандыру жұмыстары басталды.

Мәселен, балықтардың табиғи мекендеу ортасына орташа салмағы 20 граммнан кем емес 800 мыңнан астам сазан, дөңмаңдай және ақ амур шабақтары жіберілді.

Балық питомнигі су айдындарын балықтандыру жұмыстарын ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін
жүргізеді. Осыған байланысты, барлық азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл басынан бері балық өсіретін кәсіпорындар балықтың бағалы түрлерінің 75,4 млн.дана шабақтарын өсіріп, табиғи мекендеу ортасына жіберді.